Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.
"2023 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5%-ды құрады. Оның ішінде нақты сектор – 4,8%-ға, ал қызмет көрсету саласы – 4,9%-ға өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті", деді министр.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 13%-ті құрады.
Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 56,8%-ке, саудада – 32,2%-ке, ауыл шаруашылығында – 22,1%-ке, білім беруде – 21,5%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 10,9%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 11,4%-ке өсті.
Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.