Қазақстан ЭКСПО халықаралық көрмесінің жалауын тапсырды

972

Қазақстан ЭКСПО халықаралық көрмесінің жалауын тапсырды

ЭКСПО халықаралық көрмесінің жалауы Халықаралық көрме бюросының президенті Стин Кристенсенге тапсырылды, деп хабарлайды abctv.kz.

Осыдан екі жыл бұрын ЭКСПО жалауы ЭКСПО-2015 өткен Милан қаласынан Қазақстанға салтанатты түрде табысталған болатын. Енді оны абыроймен тапсыратын уақыт жетті.

Көрменің бас белгісін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов тапсырды.

Жалау ЭКСПО өткізілген 90 күн бойы Қазақстанда желбіреді. Өз кезегінде Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес видеожолдау арқылы Қазақстанға көрмені сәтті өткізгеніне алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу