Қазақстан электролиз зауыты 2016 жылды рекордтық көрсеткіштермен аяқтады

1236

Қазақстан электролиз зауыты 2016 жылды рекордтық көрсеткіштермен аяқтады

"Қазақстан электролиз зауыты" АҚ үшін 2016 жыл жаңа табыс,  көптеген өндірістік және әлеуметтік көрсеткіштерге толы болды. Өткен жылы да кәсіпорын тоғыз жылдық қарқынынан таймай, алюминийді өндіру жоспарын бірнеше мың тоннаға артығымен орындады. 

Қазақстан электролиз зауытының негізгі бөлімі – алюминийді электролиздеу цехы өзінің кәсібилігін және еңбекке деген жоғары қабілетілігін кезекті рет дәлелдеді. Нәтижесінде 2016 жылдың қорытындысында бастапқы алюминийді жоспардан үш мың тоннаға асыра өндірді.

2016 жылы ҚЭЗ 235 566,25 тонна бастапқы алюминий шығарды. Өнім көлемін салыстыратын болсақ, 2015 жылы жоспарланған 219 110,00 тоннаның орнына, 221 593,45 тонна өнім шығарылған болатын.

Бір электролизердің орташа тәуліктік өндіріс көлемі 2 446 кг жетті. Алюминийді электролиздеу сериясының мамандары басты агрегат жұмысын бір қалыпқа келтірді.  Соның арқасында аталмыш агрегаттың бірі – электролиз ваннасының жұмысқа жарамдылық мерзімін ешбір жөндеусіз-ақ ұзарта түсті.  Егер 2015 жылы жұмыс олардың орташа өтілі 2096 күн болса, 2016 жылы 2 232 күнге жетті. Сөйте тұра  отандық алюминийдің жоғары сапасы сақталып қалды. Бұған дәлел – Қазақстан Республикасы Прездентінің "Алтын сапа" – "Сапа көшбасшысы" арнайы премиясының иегері атануы. Осындай жоғары марапаттың табысталуы – Қазақстан электролиз зауыты ұжымының еселі еңбегінің жемісі.

Сонымен қатар, өндірістегі тағы бір маңызды нәтиженің бірі ол электролиз сериясындағы жобалық технологиялық электрэнергиясы шығыны 13 460 кВт*с/т-дан 12 746 кВт*с/т дейін төмендеуі. Бұл электролизердегі ток кернеуін 4,05 В –дан  3,99 В-ға дейін төмендеуі.

2016 жылдың басында зауытта жаңа ашылған электродтарды өндіру цехы өз өндірістік қуатының қарымын дәлелдеді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында ЭӨЦ 100 мыңдық отандық анод шығарылса, ақпан айында анод өндірісіне қажетті отандық мұнай коксінің бірінші партиясы тиелген. Бүгінгі күні өндірісте жергілікті құрамы арттырылған анодтар қолдануда. Өткен жылы электродтарды өндіру цехы жобалық қуаттылығын сақтай отырып, 136 мың тонна өзіндік анодтарды шығарды.

Өткен жылды қорытындылай келе, "ҚЭЗ" АҚ бөлімдерінің арасында үздік жаңа жылдық безендіру сайысы өткізілген. Негізгі нышанға айналған дәстүрлі алюминийден жасалған шыршаның биіктігі 4,5 метрге дейін жетті. Ерекше шыршаның салмағы – 10 мың тонна жоғары маркалы алюминий.

Қазақстан электролиз зауыты үшін 2016 жыл өндірістік жетістіктерге және табыстарға толы. Ағымдағы жылдың жоспары – 2014 жылы металл бағасының құлдырауы салдарынан төмендеген жобалық қуатты, осы жылы 251 644 тоннаға көлемінде қазақстандық "қанатты" металл өндіру қуатын қалпына келтіру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу