Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс істейді

514

Корея Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. 

Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс істейді

Сол елдегі құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды. Қазір дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтарға хабарласып жатыр.

Жұмыс телефондары: +82 2 379-9714 және +82 2 394-9716. Ұялы байланыс үшін +82 10 6682 2992, +82 10 6542 77 71 нөмерлеріне хабарласуға болады. Электронды пошта: seoul@mfa.kz

Бұған дейін хабарланғандай, Хэллоуин мерекесінде адамдар тар көшеге кіріп, бірін-бірі таптап өткен. Қайтыс болғандар саны 150 адамнан асты. Олардың арасында бір қазақстандық азамат бар. Ол 1996 жылы туған Ақтөбе облысының тумасы. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша отандасымыз Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Онда Итэвон ауданында көп адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу