Қазақстанның Бразилия және Аргентинадағы елшісі Қайрат Саржанов Аргентина Республикасының президенті Маурисио Макриге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Елші Аргентина президентін Қазақстанда жасалып жатқан саяси жаңару мен экономикалық жаңғырту туралы құлағдар етті.
Аргентина президенті елге мемлекеттік бағдарламалар мен басқару жүйесінің тиімділігін арттыруын тіледі.
Сондай-ақ Қазақстан елшісі Аргентинаның сыртқы істер мен культ министрі Сусана Малькоррамен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу