Қазақстан елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

834

Ильхам Әлиев Қазақстан елшісін қызметке кірісуімен құттықтады және алдағы уақытта қызметінде табыс тіледі.

Қазақстан елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

ҚР елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында Әзербайжан басшысы екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік берген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен тарихи қалыптасқан жылы қарым-қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жемісті жалғасып жатқанын да атап өтті.

Ильхам Әлиев инвестициялық, сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, транзит-көліктік, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және кеңейту туралы өз ойын білдірді. Өз кезегінде, елші Әзербайжан Президентіне өзінің тағайындалуына келісім бергені үшін алғысын жеткізе отырып, алдағы жоспарлары туралы, соның ішінде екі бауырлас мемлекет пен халықтар арасындағы қарым-қатынастардың барлық спектрін қарқындату мақсатында барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті. 

Әзербайжан Президенті Қазақстан елшісін қызметке кірісуімен құттықтады және алдағы уақытта қызметінде табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу