Қазақстанның Хорватиядағы елшісі және Черногорияда қоса атқарушы елшісі Төлежан Барлыбаев Черногорияның президенті Мило Джукановичке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы мен болашағын талқылады. Елші Черногория президентіне президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Қазақстан халқына жолдауы, негізгі сыртқы саяси бастамалары туралы хабардар етіп, мемлекет басшылығының мемлекетаралық қарым-қатынастарды жан-жақты нығайту және халықаралық аренадағы өзара іс-қимылын тереңдету бойынша дәйекті бағдарын атап өтті.
Черногорияның президенті Мило Джуканович Подгорицаның Қазақстанмен экономикалық, сауда, мәдени-гуманитарлық қатынастарды жандандыру және саяси диалогты дамытуға қызығушылығын атап өтті. Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарға жақсы тілектерін білдіріп, елшіге табысты дипломатиялық миссия тіледі.