"Қазақстан елшісі де бар": Пәкістанда елшілер делегациясын алып жүрген көлік жарылды

1333

Оқиға салдарынан үш полицей жараланып, біреуі қайтыс болған. 

"Қазақстан елшісі де бар": Пәкістанда елшілер делегациясын алып жүрген көлік жарылды Фото: Dawnews

Пәкістанда қазақстандық елші Ержан Қыстафин мен 11 елдің елшісін алып жүрген полиция көлігі мина басып, жарылды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкіл Айбек Смадияров хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің елшіміз колонна құрамында болған. Бірақ қазақстандық және шетелдік елшінің бірде-бірі зардап шеккен жоқ, олар қауіпсіз жерде. Елшілердің бәрі Исламабадқа оралды. Елшілер Исламабадтың Сауда-өнеркәсіп палатасы туризмге қатысты ұйымдастырып жатқан конференцияға қатысуға бара жатқан", - дейді Смадияров.  

Geo телеарнасының мәліметінше, көлікте Ресей, Қазақстан, Португалия, Эфиопия, Индонезия, Тәжікстан және Иранның елшілері отырған. 

Ал пәкістандық DawnNews мәліметінше, әзірге террористік ұйымдардың ешқайсы бұл оқиғаға қатысты жауапкершілікті өзіне алмаған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу