Қазақстан елшісі Еуропалық кеңестің президентіне сенім грамотасын тапсырды

1209

Айгүл Құспан еліміз Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісіміне үлкен үміт артып отырғанын атап өтті.

Қазақстан елшісі Еуропалық кеңестің президентіне сенім грамотасын тапсырды

2019 жылғы 24 қаңтарда Брюссельде Қазақстанның елшісі Айгүл Құспан Еуропалық Кеңестің президенті Дональд Тускке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Ресми рәсімнен кейін Қазақстан – Еуропа қарым-қатынастарының қазіргі ахуалы мен болашағы туралы пікір алмасылды.

Дональд Туск "Қазақстанның және президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақсы досы" екенін атап өтті.

"ЕО – Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Қазақстан өзінің географиялық жағдайы арқасында ғана емес, сондай-ақ президенттеріңіздің зор қуаты нәтижесінде, аймақта стратегиялық рөл атқарады. Сондықтан біз ынтымақтастықты дамытуымыз керек", – деп айтты Еуропалық Кеңестің президенті.

Айгүл Құспан еліміз Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісіміне үлкен үміт артып отырғанын атап өтті. Аталған келісім ең алдымен жоғары технологиялық өндірістер арқылы сауданы және инвестиция көлемін айтарлықтай арттыруға, экономикалық өсімін күшейту үшін жаңа жұмыс орындар ашуға жаңа мүмкіндіктер туғызатынын мәлімдеді.

Еуропалық Кеңестің президенті Қазақстанға сапармен баруға ниет білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу