Қазақстан елшісі Индонезия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

956

Жоко Видодо Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін растады және елшіге дипломатиялық миссиясында сәттілік тіледі.

Қазақстан елшісі Индонезия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан елшісі Данияр Сарекеновтің Индонезия президенті Жоко Видодоға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Рәсімнен кейін болған сұхбат барысында елші Индонезия басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді,

Индонезия Президенті Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалап, астананы көшіру және Нұр-Сұлтанның дамуы жөніндегі қазақстандық тәжірибеге ерекше қызығушылық білдірді. Ж.Видодо Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін растады және елшіге дипломатиялық миссиясында сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Д.Сарекенов екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және оларды жаңа жоғары деңгейге шығаруға бар күшін салатынына сендірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу