Қазақстан елшісі Ирландия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

728

Қазақстан елшісі Ирландия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Ирландиядағы елшісі қызметін қоса атқарушы Ерлан Ыдырысов Ирландия президенті Майкл Хиггинске сенім грамоталарын тапсырып, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімнен кейін болған екіжақты кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, IT-индустрия, сандық жүйеге көшу, сондай-ақ білім беру және инновациялар салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Қазақстандық дипломат Майкл Хиггинсті елімізде Қазақстанды жаңғырту бағдарламалары аясында болып жатқан ауқымды экономикалық және саяси реформалармен және мемлекет басшысының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" жолдауының басты тезистерімен таныстырып, "Астана" халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ "ЭКСПО-2017" көрмесі негізінде құрылған "Жасыл" технологиялар орталығы және халықаралық IT-стартаптар паркі туралы айтып берді.

Ирландия президенті Майкл Хиггинс Қазақстанның мемлекет басшысының жетекшілік етуімен қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтіп, еліміздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне жоғары баға берді.

Ерлан Ыдырысов Ирландияға сапары аясында, сондай-ақ Ирландия Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы және саяси директоры Ниал Берджеспен, министрліктің БҰҰ үйлестіруші директоры Ф. Смитпен және ирландиялық бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында Ирландияның ресми және іскер топтары Қазақстанның Орталық Азияның экономикалық даму локомотиві, көптеген халықаралық жобалардың бастамашысы екендігін, тұрақтылық пен интеграциялық процестер орталығына және жаһандық саяси және экономикалық іс-шараларды өткізу орнына айналғандығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу