ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, Президент сарайында өткен салтанатты рәсім барысында Елші Н. Анастасиадиске Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілегін жеткізді және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атай отырып, елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етті.
"COVID-19 пандемиясымен күресте екі елдің ынтымақтастығы мен өзара табысты іс-қимылын атап өте отырып, С. Бұршақов Президентке Кипр үкіметі мен компанияларының Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық және медициналық көмек үшін алғыс білдірді.
Президент Анастасиадис елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың деңгейін жоғары бағалай отырып, Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығын дамытуға қолғабыс көрсетуге дайындығын білдірді және Қазақстан Президентін Кипрға сапармен келуге шақырды", – делінген ведомство мәліметінде.