2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Елшісі Молдова Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

1066

Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасының Президенті Майа Сандуға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Елшісі Молдова Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Салтанатты рәсімнен кейін Елшінің МР Президентімен сұхбаты өтіп, оның барысында екіжақты, сондай-ақ ТМД және БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылды қоса алғанда көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасылды.

Сұхбат барысында Нұр-Сұлтан мен Кишиневтің екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігі атап өтілді.

Кездесу соңында Қазақстан Елшісі Молдова Президентіне жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу