Қазақстан Елшісі Молдованың Премьер-министрімен кездесті

492

Д. Речан Қазақстандағы саяси өзгерістерді жоғары бағалады және әртүрлі салалардағы өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға әзір екенін білдірді.

Қазақстан Елшісі Молдованың Премьер-министрімен кездесті Фото: gov.kz

Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Премьер-министрі Дорин Речанмен кездесу өткізді деп хабарлайды inbusiness.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ел ішіндегі және өңірдегі ағымдағы ахуал туралы пікір алмасты.

Қазақстандық дипломат елімізде болып жатқан саяси, демократиялық және конституциялық реформалар, 19 наурызда өткен парламенттік сайлаудың нәтижелері туралы хабардар етіп, экономикалық басымдықтар мен өзара іс-қимыл перспективалары туралы айтып берді.

Д. Речан Қазақстандағы саяси өзгерістерді жоғары бағалады және әртүрлі салалардағы өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға әзір екенін білдірді.

Тараптар сауда-экономикалық және энергетикалық ынтымақтастықтың мәселелеріне, сондай-ақ аграрлық, логистика және цифрландыру саласындағы жобаларға ерекше назар аударды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу