Қазақстан Елшісі Монако Князіне сенім грамоталарын тапсырды

363

Бұл туралы inbusiness.kz ҚР сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Елшісі Монако Князіне сенім грамоталарын тапсырды Фото: gov.kz

Қазақстанның Франциядағы және Монакодағы қоса атқарушы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Монако Князі Альбер II-ге сенім грамоталарын табыс етті. 

Сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін өткен сұхбат барысында Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Қазақстанның екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейтуге және нығайтуға мүдделілігін растады.

Қазақстандық дипломат Монако Князін елдегі ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен таныстырып, Қазақстанның халықаралық бастамалары, атап айтқанда 8-9 маусымда өткен Астана халықаралық форумы туралы айтып берді.

Өз кезегінде Монако Князі Монако мен Қазақстан арасындағы достық пен жемісті ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елді жаңғырту жөніндегі маңызды өзгерістерді іске асыруда, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу