Қазақстан елшісі Моңғолия Президентіне сенім грамоталарын табыстады

1263

Кездесу барысында Моңғолия басшысы қазақ-моңғол елдері арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті. 

Қазақстан елшісі Моңғолия Президентіне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаевты cенім грамоталарын табыстау үшін Моңғолияның Президенті Халтмаагийн Баттулга қабылдады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Моңғолия басшысы қазақ-моңғол елдері арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті. 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік-логистикалық, ауыл шаруашылық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті, сондай-ақ болашақтағы ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мәселелері талқыланды.

Х.Баттулга кездесу соңында өзара байланыстардың одан әрі нығая беретініне сенім білдіріп, елшіге дипломатиялық жұмыста табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу