Қазақстан Елшісі Норвегия Короліне сенім грамотасын тапсырды

Қос тарап Осло мен Астана арасындағы достық қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті.  

Қазақстан Елшісі Норвегия Короліне сенім грамотасын тапсырды Фото: 365info.kz

Қазақстанның Елшісі Әділ Тұрсынов Ослодағы Король сарайында Норвегия Королі Харальд V-ге сенім грамотасын тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

Салтанатты рәсімнен кейінгі ресми қабылдау кезінде Норвегия Королі Қазақстанның дамуына қызығушылық танытып, Осло мен Астана арасындағы достық қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат Норвегия Королін елімізді жан-жақты дамыту мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды реформалардың жүзеге асырылып жатқаны туралы хабардар етті.

Сұхбаттасушылар өңірлік және жаһандық саясат мәселелерін де талқылады, сондай-ақ қазақстандық және норвегиялық спортшылардың халықаралық аренадағы бірқатар жоғары жетістіктеріне тоқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу