Салтанатты рәсім барысында Елші Е.Ахинжанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Астананың Преториямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге, соның ішінде сауда-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы саяси диалог пен өзара іс-қимылды жандандыру арқылы мүдделілігін қуаттады.
Өз кезегінде, Президент С.Рамапоса өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайын екенін білдірді, сондай-ақ Елшіні ресми қызметке кірісуімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға табыс тіледі