2018 жылғы 27 наурызында Исламабад қаласында ҚР елшісі Барлыбай Садықов Пәкістан Ислам Республикасының президенті Мамнун Хуссайнге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсімнен кейін кездесу барысында екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен оның келешегі жөніндегі мәселелер талқыланды.
Пәкістан президенті 2017 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысқанын, сондай-ак халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастық пен өзара қолдау көрсетуді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу