Қазақстан елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

1367

Қазақстандық дипломат Израиль Сыртқы істер министрлігінің бас директорының орынбасары Гарри Коренмен кездесті.

Қазақстан елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Қазақстанның Израильдегі елшісі Сатыбалды Бұршақов Израиль Сыртқы істер министрлігінің Протокол басшысы Мерон Реубенге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Сол күні Қазақстандық дипломат Израиль Сыртқы істер министрлігінің бас директорының орынбасары Гарри Коренмен кездесті.

Елші Сатыбалды Бұршақов Израиль тарапына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты туралы мәлімдеп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырды.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, соның ішінде инновация, білім, денсаулық сақтау, туризм, азаматтардың өзара сапар алмасуы, сондай-ақ, екі ел арасында тікелей әуе қатынас орнату  бойынша  ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігі туралы келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу