"Истана" президенттік сарайында өткен салтанатты рәсімнен кейін кездесу барысында қазақстандық дипломат Сингапур көшбасшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді.
Астананың сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларды қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша қала-мемлекетпен қатынастарды одан әрі кеңейтуге зор мүдделілігі расталды.
Осы стратегиялық жолдағы маңызды кезеңдер ретінде 2022 жылғы маусым айындағы конституциялық референдумның және қарашадағы президенттік сайлаудың қорытындылары аталды.
Сингапур Президенті соңғы сайлауда жеңіске жеткеніне орай Президент Қ. Тоқаевқа жылы лебіздерін білдіріп, қазақстандық әріптесіне Сингапурға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады.