Қазақстан елшісі Түрікменстан президентіне сенім грамоталарын табыстады

916

Гурбангулы Бердімұхамедов Еркебұлан Сәпиевке Қазақстан – Түрікмен ынтымақтастығын нығайту үшін табысты және жемісті жұмыс тіледі.

Қазақстан елшісі Түрікменстан президентіне сенім грамоталарын табыстады

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов еліміздің елшісі Еркебұлан Сәпиевті сенім грамоталарын табыстау үшін қабылдады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Түрікменстан басшысы бауырлас елдер арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті. Тараптар саяси-дипломатиялық диалог, сауда-экономикалық ынтымақтастық, екі ел арасындағы ғылыми-техникалық пен мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестікті дамытуды қоса алғанда, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында Гурбангулы Бердімұхамедов елшіге Қазақстан – Түрікмен ынтымақтастығын нығайту үшін табысты және жемісті жұмыс тіледі.

Сол күні қазақстандық елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыстау үшін Түрікменстанның министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу