Қазақстан Елшісі Түркия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

957

Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақстан Елшісі Түркия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Президентік сарайда өткен салтанатты рәсімде қазақстандық дипломат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең ізгі тілектерін жеткізіп, елімізді одан әрі демократияландыруға бағытталған жаңа реформалармен, экономикалық жаңғыртудың өзекті бағдарламаларымен және Қазақстанның халықаралық бастамаларымен таныстырды.

Сонымен қатар Е.Сәпиев Түркия Президентіне АӨСШК саммитіне қатысуы үшін Мемлекет басшысы атынан ресми шақыру хатының түпнұсқасын табыстады.

Өз кезегінде, Р. Ердоған еліміздің жетістіктеріне және РҚ Президенті бастамасымен қолға алынған саяси реформаларға жоғары баға берді жәнеде инвестиция, сауда-экономикалық, энергетикалық, транзит-көліктік, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы екіжақты және көпжақты өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту жөнінде пікірлерімен бөлісті.

Кездесу соңында Қазақстан Елшісі Түркияның Президентіне жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, бауырлас екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бар мүмкіндігін жұмсауға әзір екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу