Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, Қазақстан ең көп жұмыс істей елдер тізімінде 93-орында тұр.
Жұмыспен қамтылған бір қазақстандық орташа есеппен аптасына 38 сағат еңбек етеді.
"Еңбекқор" елдер рейтингісінің көшбасында Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) тұр. Мұнда аптадағы орташа жұмыс уақыты – 52,5 сағат, ал халықтың жартысына жуығы аптасына 49 сағаттан аса уақыт жұмыс істейді.
Тізімнің соңында Африканың кедей мемлекеттері тұр: Либерия, Мозамбик және Эфиопия. Мұнда халықты жұмыспен қамту деңгейі өте төмен.
ТМД елдерінің арасында қазақстандықтарға қарағанда Тәжікстан, Грузия, Армения және Украина тұрғындары көп еңбек етеді.