Қазақстан энергетикалық ресурстарға қайтарымсыз қаржы беретін елдер рейтингінде 11 сатыда тұр

794

Секторға бөлген жылдық дотация көлемі – 6,6 млрд доллар.

Қазақстан энергетикалық ресурстарға қайтарымсыз қаржы беретін елдер рейтингінде 11 сатыда тұр Фото: inbusiness.kz

2019 жылы Халықаралық энергетикалық агенттіктің энергетикалық ресурстарға дотация бөлу бойынша рейтингінде еліміз 11 орынға жайғасты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ретте еліміз салаға 6,6 млрд доллар қайтарымсыз қаржы құйған, оның ішінде ІЖӨ 3,6%. Сонымен қатар Қазақстан көмірге дотация бөлетін рейтингідегі жалғыз мемлекет. Оның көлемі 2,2 млрд долларды құрады. 

Бөлінген қаржы көлемі бойынша біздің ел БАӘ, Кувейттің алдында. ТМД-да Ресейден кейінгі екінші орында. 

Сондай-ақ дотацияның үлесін бағалау елімізде электр энергиясының бағасы оның нарықтық құнынан 29,4%-ға төмен екенін көрсетті. Ал көмір бағасы нарықтық құнынан 54,5% төмен болып шықты. Оған себеп көмірдің металл мен мұнайдан түскен табыс есебінен субсидиялануы. 

Қазақстан үкіметі бағаны әлеуметтік мақсатта төмен деңгейде ұстап отыр.  
IHS Markit-тің бағалауынша қазақстандықтар әлемде коммуналдық қызметке ең аз ақы төлейтіндер қатарында екен. Көптеген өңірлерде коммуналдық төлем орта есеппен отбасы кірісінің 3%-ын құрайды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу