"Қазақстан энергия ресурстарының жаңа нарықтарына қол жеткізуге мүдделі"

666

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бейнеконференция форматында Халықаралық Энергетикалық Хартияның (ХЭХ) Министрлік конференциясының 31-отырысында баяндамамен сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚР ЭМ-нің баспасөз қызметі. 

"Қазақстан энергия ресурстарының жаңа нарықтарына қол жеткізуге мүдделі"

"Қазақстан дауларды шешу аспектілеріне, сондай-ақ инвестициялық ережелерге қатысты Шарттың ережелерін жаңартуға мүдделі. Біз транзит мәселелерін талқылау кезінде мынадай негіз қалаушы қағидаттардың ескерілуіне терең қызығушылық білдіреміз. Жаңа нарықтарға, сондай-ақ транзиттік елдердің инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізу, энергия ресурстарының транзитін жүзеге асыру үшін бірыңғай құқықтық өріс құру, тәуекелдердің туындауын және даулардың салдарын төмендету, энергия ресурстары нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімін сақтау, экономикалық мүдделер теңгерімін сақтау", – деп атап өтті өз сөзінде ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

 

Энергетикалық Хартия Конференциясының министрлік сессиясы дәстүрлі түрде Хартияға мүше елдер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдерінің және энергетикалық компаниялардың басшыларының инновациялар рөлі мен тұрақты энергетикалық технологияларды дамыту туралы саяси диалогқа қатысуы үшін платформа ретінде қызмет етеді.

ХЭХ энергия ресурстарының транзитін экспорттайтын, тұтынатын және жүзеге асыратын елдердің үкіметаралық диалогын ілгерілету жөніндегі халықаралық энергетикалық ұйым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу