"ТКШ ҚазОрталығы" АҚ және "ATTIVA OY" фин компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оның мақсаты энергияны үнемдеу саласындағы қазіргі заманғы технологияларды дамыту және энергия тиімділікті арттыру болып табылады, деп хабарлайды "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ баспасөз қызметі.
"ATTIVA OY" ғимараттарға арналған энергияны үнемдейтін үшінші буын технологиясын дамытуға маманданған алдыңғы қатарлы фин компаниясы. Тараптар Қазақстандағы ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру үшін компанияның тәжірибесін, инновацияларын және білімдерін қолдануды жоспарлап отыр және энергия тиімді аудандар мен әлеуметтік нысандар үшін тұжырымдарды әзірлейді.
"Біз интеллектуалдық ЗД-модельдеуді пайдалануға негізделген BIM-технологияларды дамыту жөніндегі басқа да финдік компаниялармен бірге жұмыс істейміз. Енді ғимараттардың энергия тиімділігі саласында жаңа серіктестік жасауға қуаныштымыз. Жақында Финляндияға болған сапар барысында біз ескі көппәтерлі тұрғын үйлер мен жаңа энергия тиімді үй-жайлар мысалында осы компанияның нақты жобаларымен таныстық. Біз ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықта боламыз деп үміттенеміз", - деді "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Өмербаев.
Өз кезегінде, "ATTIVA OY" компаниясының басқарма төрағасы Ари-Пекка Карппо Қазақстанға қатысты компанияның үлкен жоспарлары бар екенін айтты.
"Біз осында өз өкілдігімізді ашқымыз келеді әрі энергия тиімділігі және қалдықтарды ауаға тастау деңгейі ең төменгі технологиялар бойынша ең ірі әлеуетті өнім берушісі болғымыз келеді. Қазіргі кезде жетекші құрылыс компаниялары және энергияның өнім берушілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біздің мақсатымыз – энергия тұтынуды және қолданыстағы ғимараттардың да, жаңа құрылыстар да өмір сүру шығыстарын азайту болып табылады. Және біз қазақстандық әріптестерде түсіністік пен қолдау тапқанымыз үшін қуаныштымыз", - деп атап өтті ол.