"Қазақстан – ЕО" достық тобының төрағасы II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды

1104

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Сыртқы істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес марапатталған Еуропа парламентінің депутаты, "Қазақстан – Еуропалық одақ" достық тобының төрағасы Рышард Чарнецкийге II дәрежелі "Достық" орденін табыс етті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.  

"Қазақстан – ЕО" достық тобының төрағасы II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды

А.Құспан жоғары награда еуропалық саясаткерге оның Қазақстан Парламенті мен Еуропалық Парламент арасындағы тиімді өзара іс-қимылды жолға қоюға қосқан қомақты үлесін мойындау белгісі ретінде берілгенін мәлім етті. Сондай-ақ оның парламентаралық ынтымақтастықты үдемелі дамытудың жаңа қуатты өзегі болған достық тобын құру жөніндегі күш-жігері атап өтілді.

Өз кезегінде, еуродепутат Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы достық қарым-қатынастарды ілгерілету жөніндегі күш-жігерін осындай бағалағаны үшін алғысын білдіріп, оларды жан-жақты нығайту үшін одан әрі жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу