Қазақстан ЕО елдерімен қалай жұмыс істейтіні туралы тәжірибесімен бөлісті – АХҚО өкілі

1001

5 қарашада Бішкек қаласында өткен "ЕО-Орталық Азия" экономикалық форумында Қазақстан ЕО елдерімен қалай жұмыс істейтіні туралы тәжірибесімен бөлісті.  

Қазақстан ЕО елдерімен қалай жұмыс істейтіні туралы тәжірибесімен бөлісті – АХҚО өкілі

Жиынға қатысқан "Астана" Халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Негізінен, бүгін біз ЕО елдерімен қалай жұмыс істейтініміз, қандай пилоттық жобаларымыз бар екендігі туралы тәжірибемізбен бөлістік. Қырғызстанның ЕО-мен байланысы Қазақстан сияқты тығыз емес деуге болады. Біздің тауар айналымымыз, негізінен, Еуропамен жүргізіледі ғой. ЕО біздің негізгі сауда серіктесіміз болып табылады. Еуропалық даму банкімен, Венгрия банктерімен өзара әрекет жасау тәжірибеміз мол", – деді Рысмағамбетов.

Еске сала кетсек, 5 қарашада Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" экономикалық форумы өтті. Жиынға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Түрікменстан вице-премьер-министрі Сердар Бердімұхамедов және Тәжікстан вице-премьер-министрі Усмонали Усмонов қатысуда. Сонымен қатар Еуропалық Комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскис және Еуропа елдерінің бірқатар басшысы мен ірі халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері де жиынға келді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу