Қазақстан ешкіммен жауласпайды – Президент

905

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстан ешкіммен жауласпайды – Президент

Ол әлемдегі алпауыт елдермен және өңірдегі ықпалды мемлекеттермен тең дәрежелі әрі тиімді ынтымақтастық орнату маңызды екенін атап өтті.

"Қазір геосаяси текетірес белең алып жатыр. Қазақстан ешкіммен жауласпайды, халықаралық дауларға килікпейді. Біздің таңдаған жолымыз – айқын. Прагматизмге негізделген салмақты әрі салиқалы саясаттан еш айнымаймыз. Біз екіжақты және көпжақты міндеттемелерден бас тартпаймыз. Даулы мәселелер туындаса, ұлттық мүддемізге сай ұтымды шешім табуға ұмтыламыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда өткен Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ ол ел мүддесін табандылықпен қорғау керегін жеткізді.

"Біз Тәуелсіздік пен егемендікке, еліміздің шекарасы мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін бір де бір келісімге жол бермеуіміз керек. Өйткені осы қасиетті құндылықтар біз үшін бәрінен қымбат. Біз, ең алдымен Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғауымыз қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу