Қазақстан есірткіні тұтынудан әлем бойынша сегізінші орында

774

Сарапшылардың бағалауы бойынша, есірткі қазақстандықтардан өмірін 3,7 жылға қысқартып отыр.

Қазақстан есірткіні тұтынудан әлем бойынша сегізінші орында Фото: Pixabay.com

Қазақстан есірткіні тұтыну бойынша топ-10 елдің қатарына енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зерттеуді World population Review ұйымы жүргізген. Ондағы сарапшылар БҰҰ мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сүйене отырып, жыл сайын тыйым салынған заттарды тұтыну деңгейі бойынша елдердің рейтингін жариялады.

"Сарапшылардың зерттеуінше, есірткі қазақстандықтардың өмірін орта есеппен 3,7 жылға қысқартады.Рейтингке сәйкес, бірінші орында АҚШ тұр. Америкалықтардың шамамен 6 пайызы есірткі тұтынады, оның салдары тұрғындардың өмірін 6,7 жылға қысқартып отыр", - делінген зерттеуде.

Екінші орында - Эстония. Бұл ел тұрғындарының өмірі 5 жылға қысқарып отыр. Көшбасшылар үштігінде Беларусь, оның тұрғындары орта есеппен есірткіні қолданғаны үшін төрт жыл өмірін жоғалтады. Содан кейін Моңғолия, Канада, Гренландия және Ресей тұр.  

Қазақстан 8-орында. Сарапшылардың бағалауы бойынша, есірткі қазақстандықтардан өмірін 3,7 жылға қысқартып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу