Қазақстан ЭСКАТО статистика комитеті бюросының құрамына кірді

162

Іс-шараға еліміздің атынан Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан ЭСКАТО статистика комитеті бюросының құрамына кірді Фото: Ұлттық статистика бюросы

9-13 желтоқсанда Бангкокта БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) ұйымдастырған жыл сайынғы Азия-Тынық мұхиты статистикасы апталығы өтті.

Сапар барысында Олжас Төлеуов Ұлттық комитет басшыларына арналған семинарға қатысты, оның негізгі мақсаты икемді статистикалық жүйелерді құру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.

Спикерлер қарқынды өзгерістер мен технологиялық прогресс дәуірінде, сондай-ақ егжей-тегжейлі деректерге сұраныстың артуы кезінде ұлттық статистика органдары өздерінің институционалдық және техникалық әлеуетін нығайтып, дәстүрлі әдістер мен тәжірибелерден асып түсуі керек деген пікірге келді.

Айта кету керек, Қазақстан ЭСКАТО Статистика комитеті бюросының құрамына кірді және Олжас Төлеуов онда төрағаның орынбасары болып сайланды.

Енді таяудағы екі жылда Қазақстан комитеттің жұмысына белсенді қатысып, халықаралық статистикалық стандарттар бойынша өңірлік ұстанымды қалыптастырып, осы саласында оқыту және техникалық қолдау бойынша ұсынымдар ұсынып, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жәрдемдеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу