Қазақстан етті неге Аргентинадан сатып алады?

463

Министрлік өкілінің сөзінше, Қазақстанның етпен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары.

Қазақстан етті неге Аргентинадан сатып алады? Фото: Pixabay.com

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Сенат кулуарында ет импортына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан етті экспортқа шығарушы мемлекеттердің қатарына кіріп отыр. Бүгінде мал шаруашылығының дамуы арқасында Өзбекстан, Қытай және басқа елдерге етті экспорттайды. Бұдан бөлек Түркия, Орталық  Азия елдеріне етті жеткізу бойынша келісімшарттар бойынша келіссөздер жүргіздік. Біз өзімізді қамтамасыз етіп, сонымен қатар экспорттауға мүмкіндік ашып отырмыз", - деді Ермек Кенжеханұлы тілшілердің сауалына берген жауабында.

Вице-министр Қазақстанның Оңтүстік Америка елінен неге ет сатып алатынын нақты түсіндіріп бере алмады.

"Біз нарықтық экономикада орналасқанбыз. Әр сатып алушының өз талғамы бар, сол себептен де қазіргі таңда ол жерде Аргентина бола ма, Бразилия бола ма, басқа мемлекеттерден ала ма – әр азаматтың өзінің талғамы бар. Сол себептен де қазір Қазақстан өзін етпен қамтамасыз етіп отыр, атқарылған жұмыстың, мемлекеттік қолдаудың арқасында оны экспорттауға мүмкіндік алып жатыр", - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу