Қазақстан Еуропа елдеріне экспорт көлемін арттыруда

717

Биылғы 8 ай ішінде Еуроодаққа тауар жеткізу 51% - ға, 22,1 млрд долларға дейін ұлғайды. 

Қазақстан Еуропа елдеріне экспорт көлемін арттыруда Фото: liter.kz

"Qaztrade" сауда саясатын дамыту орталығы АҚ  талдауына сәйкес, Еуропа елдеріне мұнай өнімдері, сұйытылған газ, металл, темір прокат, металл бұйымдары, ферроқорытпалар, тыңайтқыштар, азық-түлік тауарлары және шикі мұнай, көмір тас және басқа да шикізат экспорты өседі деп күтілуде, деп жазады inbusiness.kz Lsm.kz сайтына сілтеме жасап.

Сауда және интеграция министрлігі Еуропаға Қазақстан экспортын арттыру мақсатында өндірушілерді халықаралық сауда платформаларына шығару  және қазақстандық өнімді ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, Бельгияға 8 8,2 млн долларға  213,7 мың тонна тас көмір экспортталды, айта кетерлігі  2021 жылы бұл елге тас көмір экспортталмаған. Болгарияға  10 млн долларға 129,2 мың тонна көмір жеткізілген. Ақшалай мәнде өсім 6,8 есе, 146,4 миллион долларға дейін артты.  Польша еліне де тас көмір экспорты 20,9 есе артып, 821 мың тоннаға жеткен, ақшалай мәнде 54,3 миллион долларды құрады.

Бензин сатып алушылар арасына алғаш рет Латвия (5,9 млн долларға 8 мың тонна) мен Эстония (1,5 млн долларға 1,9 мың тонна) қосылды.  Ұлыбритания алғаш рет  4,8 млн долларға 9,7 мың тонна мазут сатып алған.

Сондай-ақ, ЕО елдері қазақстандық тыңайтқыштарға қызығушылық танытып отыр. Литва қазақстандық тыңайтқыш көлемін 5,8 мың тоннаға дейін ұлғайтып, сауда көлемін 4,8 млн долларға (41,7 есе) арттырды. Болгария, Польша, Латвия, Чехия, Эстония елімізден алғаш рет тыңайтқыш сатып алды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу