Қазақстан Еуропалық Одақпен өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі

585

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Марос Шефчович Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Еуропалық Одақпен өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі Фото: primeminister.kz

Бұл туралы inbusiness.kz сайты Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Премьер-Министр Қазақстан Еуропалық Одақпен инвестициялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге және өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар соңғы жылдары аса маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі де өзекті болып отыр.

Әлихан Смайылов былтыр COP-27 конференциясы аясында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенмен бірге осы бағыттағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын еске салды.

"Құжат экономиканың нақты секторларындағы әріптестігімізді нығайту бойынша нақты шараларды көздейді, оның негізгі элементі "жасыл" технологияларды енгізу болып табылады. Бұл осы саладағы ортақ мақсаттарымызды жүзеге асыруға қосымша серпін беретіні сөзсіз", – деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде Марош Шефчович Еуропалық Одақтың бұған дейін қол жеткізілген барлық уағдаластықты жүзеге асыруды жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу