Қазақстан Еуропалық одақпен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға ерекше мән береді

448

Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинас Қазақстан мен Еуропалық одақтың сауда-экономикалық қатынастарын нығайту жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.  

Қазақстан Еуропалық одақпен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға ерекше мән береді Фото: primeminister.kz

Бұл ретте Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы маңызды рөл атқарады.

"Біз өзара сенім мен құрметке негізделген Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығын одан әрі кезең-кезеңмен дамытуды қолдаймыз", — деді Әлихан Смайылов.

ЕО – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. 

ЕО үлесіне сыртқы сауданың шамамен 30%-ы және тартылған инвестициялардың шамамен 40%-ы тиесілі.
Мәселен, өткен жылдың 11 айында тауар айналымы 5%-ға жуық өсіп, шамамен $38 млрд-қа жетті. 

"Бүгінде Қазақстанда 6 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, оның 130-ы өткен жылы ғана қосылды. Бұл көрсеткіштер еуропалық серіктестерге экономикамыздың тұрақтылығы мен тартымдылығын көрсетеді. Еуропаның инвестициялық қоғамдастығын бірлескен жобаларға кеңінен қатысуға шақырамыз", — деді Әлихан Смайылов.

Өз тарапынан Еуропалық комиссияның вице-президенті Қазақстанның Еуропалық одақ үшін маңызды әріптес екенін атап өтті.

"Қазақстанда ауқымды жаңғырту процестері жүріп жатқанын білеміз. Еуропалық одақ атынан Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі маңызды ойыншы етіп отырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан реформалардың маңыздылығын атап өткім келеді", — деді Маргаритис Схинас.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу