Қазақстан ресми түрде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ұйымы транспорттық форумының мүшесі атанды. Бұл туралы еліміздің инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл халықаралық форумға 57 мемлекет мүшелік етеді. Оның негізгі мақсаты транспорт және логистика саласында түрлі ұсыныстар енгізіп, саланың дамуына ат салысу. Сондай-ақ ұйым жыл сайын әлем елдерінің транспорт министрліктерінің форумын ұйымдастырып, осы сладағы шешімін таппай отрған мәселелерді талқылайды. Айта кетейік Қазақстан экономикалық ынтымақтастық және даму халықаралық ұйымының инвестиция комитетіне мүше болып кіру үшін қойған негізгі талаптарды толығымен орындаған. Оның ішінде ең негізгісі Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру болып табылады.