Қазақстан файтері Fight Nights Global чемпионы титулын сақтап қалды

692

Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (12-3) ресейлік Әли Багаутиновпен (19-6) кездесті.

Қазақстан файтері Fight Nights Global чемпионы титулын сақтап қалды

Аралас жекпе-жектен өткен Fight Nights Global 95 турнирінің басты айқасында қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (12-3) пен ресейлік Әли Багаутинов (19-6) кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айқас бес раундқа есептелген болатын. Екі елдің үздік спортшылары бес раунд бойы күш сынасты. Ақыры, төрешілердің бірыңғай шешімімен Жұмағұлов жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан файтері жеңіл салмақтағы Fight Nights Global чемпионы титулын сақтап қалды.

Десе де, төрешілермен келіспеген Багаутинов командасымен бірге шыққан шешімге қарсы апелляцияға арызданбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу