Қазақстан ФИФА рейтингінде төрт саты төмендеді

1299

FIFA рейтингінде Бельгия құрамасы бірінші орында тұр. Екінші сатыда Франция, үшінші орында Бразилия орналасқан.   

Қазақстан ФИФА рейтингінде төрт саты төмендеді

Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы (FIFA) қыркүйек айындағы рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы төрт орынға төмендеп, 116-шы сатыға тұрақтады. Қыркүйек айында Еуро-2020 турниріне іріктеу айналымында Қазақстан командасы Кипрмен сырт алаңда тең ойнап, Ресейден бір доп айырмашылығымен ұтылған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу