Қазақстан – Финляндия ойыны: Астанада арнайы автобустар стадионға қатынайды

555

Шаттл-автобустар тұрақтардан сағат 19:00-де қозғалады.

Қазақстан – Финляндия ойыны: Астанада арнайы автобустар стадионға қатынайды Фото: inbusiness.kz

Бүгін, 7 қыркүйек күні "Астана Арена" стадионында футболдан Қазақстан – Финляндия іріктеу кезеңінің өтуіне байланысты жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында, Астананың 5 тұрақ торабынан арнайы шаттл-автобустар жүреді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Автобустар мынадай орындардан қатынайды:

- "Астаналық цирк" автотұрағы;
- "Қазақстан" СК автотұрағы;
- "Әзірет Сұлтан" мешітінің тұрағы;
- "Әбу Насыр Әл-Фараби" мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- "Жастар" сарайы тұрағы.

Шаттл-автобустар тұрақтардан сағат 19:00-де қозғалады.

Футбол матчын өткізу кезеңінде қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз.

Сондай-ақ, матч аяқталған соң футбол көрермендерінің ыңғайлылығы үшін қосымша №№10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және №303 қала маңы бағдарлары Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамады тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу