Қазақстан Fortescue компаниясымен "Жасыл" сутегі өндіру жобаларын іске асыруға уағдаласты

467

"Жасыл" сутегін өндірудің қолжетімді технологияларын енгізу Қазақстанға 5-7 жылдан кейін осы отынның әлемдік ірі жеткізушілерінің біріне айналуына мүмкіндік бермек.  

Қазақстан Fortescue компаниясымен "Жасыл" сутегі өндіру жобаларын іске асыруға уағдаласты Фото: primeminister.kz

Қазақстан Үкіметі мен Fortescue Future Industries компаниясы"жасыл" сутегі өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы негіздемелік келісім жасасты.  Жоба еліміздің бірнеше өңірінде, соның ішінде Атырау және Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылмақ, деп жазады inbusiness.kz Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Fortescue компаниясының басшысы Эндрю Форрест бұл құжатқа Мысырда өтіп жатқан климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлемдік көшбасшылар саммиті аясында қол қойды.

"Келісімді іске асыру еліміздің 2030 жылға қарай парниктік газ шығарындыларын 15%-ға азайту және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығын қамтамасыз ету бойынша биік мақсаттарға қол жеткізуіне үлес қосады деп күтілуде. Алдағы жобалар кеше Қазақстан мен Еуроодақ арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында еуропалық нарыққа жеткізу жоспарланып отырған "жасыл" сутегінің ауқымды көлемін өндіруге арналған", - делінген ақпаратта.

Әлихан Смайыловдың айтуынша "жасыл" сутегін өндіру жобасы өңірдегі осындай ірі жобалардың бірі. Баламалы энергия көздерін дамыту шеңберінде "жасыл" сутегін өндіру Қазақстан үшін маңызды және басым бағыттардың бірі.

"Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан осы экологиялық таза отын түрінің 10 ірі экспорттаушысының қатарына кіре алады. Осы мақсатқа жету үшін бізге стратегиялық серіктестеріміздің қолдауы маңызды", - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша ел Үкіметі  декарбонизацияны ынталандыруда нарықтық тетіктер мен жеке инвестицияларды барынша пайдалануға басымдық берілмек.

Өз кезегінде Эндрю Форрест "жасыл" сутегін өндіру және қолдану ауыр өнеркәсіпті декарбонизациялауға, жұмыс орындарын құруға және жалпы энергетика саласының тұрақтылығын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. 

"Біз осы әлеуетті тезірек іске асыруға көмектесу үшін жұмыс тәсілдеріміз бен мүмкіндіктерімізді Қазақстанмен қуана бөлісеміз", - деді Эндрю Форрест.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу