ҚР Ауыл шаруашылығы және Boehringer Ingelheim Animal Health France жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күресте ынтымақтастықты нығайтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Тәшімов шетелдік әріптестерімен кездесу өткізді.
2024 жылы Boehringer Ingelheim мен QazBioPharm қазақстандық компаниясы арасындағы серіктестік туралы келісімге қол қойған болатын.
Бұл ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – аусылға қарсы вакциналарды өндіру бойынша технологиялар трансферті болады, бұл Қазақстанда да, Орталық Азия өңірінде де локализацияланған инновациялық өндірісті құруға және эпизоотиялық жағдайды нығайтуға мүмкіндік.