Қазақстан фристайл-могулдан әлем кубогында екі медаль еншіледі

708

Қазақстан фристайл-могулдан әлем кубогында екі медаль еншіледі

Финляндияның Рука тау шаңғысы шипажайында өткен 2017/18 маусымдағы фристайл-могулдан әлем кубогының бірінші кезеңі қазақстандық спортшылар үшін тамаша нәтижемен аяқталды. Бұл жайында халықаралық шаңғы спорты федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олимпиадалық жарыс саналатын "могулдан" ерлер арасында 85,11 ұпай жинаған қазақстандық Дмитрий Рейхерд - екінші, ал тағы бір отандасымыз Павел Колмаков 84,44 ұпаймен үшінші орынды иеленді. Осылайша, спорттың осы түрінен алғаш рет екі қазақстандық әлем кубогы кеңезінде жеңіс тұғырына көтерілді. Ал бұл сайыстың бас жүлдесі 87,45 балл жинаған канадалық спортшы Майкл Кинберриге бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу