Қазақстан футбол федерациясы зертханалар арасында байқау жариялады

696

Ресми жарыстарды қабылдайтын жасанды футбол алаңдары бар стадиондар сертификаттаудан өтуге тиіс.

Қазақстан футбол федерациясы зертханалар арасында байқау жариялады

Қазақстан футбол федерациясы стадионның құрылысы мен футбол алаңдарының сапасын жақсарту мақсатында жасанды синтетикалық газондары бар алаңдарды міндетті түрде сертификаттау рәсімін енгізбек, деп хабарлайды prosports.kz.

Сертификаттау рәсімінен Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының аясында өтетін барлық ресми жарыстарды (Премьер-лига, Бірінші лига, Екінші лига, әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты, балалар мен жасөспірім командалар арасындағы біріншілік) қабылдайтын жасанды футбол алаңдары бар стадиондар өтуге тиіс.

Отандық стадиондардағы футбол алаңдарына қойылатын талапқа сәйкес, Қазақстан футбол федерациясы жасанды синтетикалық жамылғысы бар алаңдарды сынақтан өткізу үшін зертханалар (компаниялар) арасында байқау жариялайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу