Қазақстан футбол федерациясы жаңа бапкердің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

443

Келісімшарт бюджет тарапынан қаржыландырылмайды. 

Қазақстан футбол федерациясы жаңа бапкердің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады Фото: Спорт экспресс

Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде алатын жалақысы туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кейбір ақпарат көздері ресейлік маманның болжамды жалақысын жылына 1,2 миллион еуро деп атаған.

– Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесовтің жалақысы туралы ақпарат асыра көрсетілген және шынайылыққа сәйкес келмейді.

Келісімшарттың құпиялығын сақтай отыра, бапкердің жалақысы жария етілмейтінін хабарлаймыз. Келісімшарт бюджет тарапынан қаржыландырылмайды, - деп жазды федерациядан.

Спорттық ұйым Магомед Адиевпен келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылғанын да атап өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу