Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығы үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрыңғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды. Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізілуде", – делінген агенттік хабарламасында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Айта кету керек, осыған дейін Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясы президенті қызметінен кеткенін жазғанбыз. Ол ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу