Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияда ұйымның президенті Сейілда Байшақов қызметінен ресми отставкаға кетті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелері – футбол клубтарының өкілдері, сонымен қатар, аймақтық футбол федерацияларының өкілдері Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметіне Әділбек Жақсыбековтің кандидатурасын ұсынды. Конференция делегаттары Әділбек Жақсыбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Әділбек Жақсыбеков төрт жылға Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу