Қазақстан футбол құрамасы Румыниядан жеңіліп қалды

737

Қазақстан футбол құрамасы Румыниядан жеңіліп қалды

Қазақстан футбол құрамасы Плоешти қаласында өткен 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі матчында Румыниядан 3:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойынның 33-минутында румындар есеп ашты. Константин Будеску екі қорғаушыны алдап өтіп, алғашқы голдың авторы атанды - 1:0. Алаң иелері араға 5 минут салып, есепті еселеді. Бұл жолы Будеску пенальтиді сәтті орындады. Ал 73-минутта Клаудиу Кешерю есепті 3:0-ге жеткізіп, қарсылас команда айқын басымдыққа ие болды. Тек 82-минутта қазақстандықтар жалғыз голды сала алды.

Айта кетейік, 8 қазан күні 22:00-де жерлестеріміз "Астана Аренада" Армения құрамасын қабылдайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу