Қазақстан құрамасының футболшылары мінген ұшақтың шассиі істен шығып, ұшақ Ереван әуежайына қайтуға мәжбүр болды. Бұл туралы құраманың баспасөз хатшысы Ербол Қайыров команданың твиттердегі парақшасында жазды.
"Қазақстан құрамасының футболшылары мінген ұшақтың шассиі істен шығып, мәжбүрлі түрде Ереван әуежайына қайта қонды. Чартерлі ұшақ ауыстырылып, футболшылар қайта жолға шығады", – деп жазылған парақшада.
Айта кетейік, жексенбі күні Қазақстан футбол құрамасы 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Ереванда Армения құрамасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу