Қазақстан ғалымына ЮНЕСКО-ның медалі табысталды

1062

Қазақстан ғалымына ЮНЕСКО-ның медалі табысталды

Танымал отандық химик ғалым Зұлқайыр Мансұровқа ЮНЕСКО-ның "Наноғылым мен нанотехнологиялар дамуына қосқан үлесі үшін" медалі табысталды, деп хабарлайды 24.kz.

Марапаттау рәсімі 22 қарашада аталған ұйымның Париждегі бас пәтерінде өтті. Медаль тұжырымдамасын 2010 жылы ЮНЕСКО-ның бас директоры бекітіп, сол кезден бері ол жыл сайын осы саладағы әлемдік ғылымның алға басуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар мен ұйымдарға тағайындалады. Отандық ғалым биыл өзінің "нанокөміртек материалдарын өңдеу, көміртекті нанотүтіктер мен графендерді жану күйінде синтездеу технологияларына зерттеуге қосқан үлесі" үшін марапатталды.

Биыл аталған марапатқа Зұлқайыр Мансұровтың Ресей, Франция, Аустралия, Финляндия, Австрия, Грекия, Мысыр мен АҚШ сияқты мемлекеттерде еңбек етіп жүрген тағы да тоғыз әріптесі ие болды. Зерттеулерінің нақты қолданыс салаларына электроника, телекоммуникациялар, машина және құрал жасау, медицина, материалтану мен көптеген басқалар жатады. Медальмен осы кезге дейін марапатталғандар арасында физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары Исаму Акасаки мен Жорес Алферов, Қытай ғылым академиясының президенті Чуньли Бай бар.

Профессор, химия ғылымдарының докторы Зұлқайыр Айтмұхаметұлы Мансұров ҚР БҒМ жану проблемалары институтының бас директоры. Танымал ғалым көп жылдар бойы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде көп жылдар бойы еңбек етті, соның ішінде он бес жыл бойы проректор болған. ҚР мемлекеттік премиясы мен Қаныш Сатпаев атындағы премияның лауреаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу